"Ақтөбе" ФК санкция салдарынан Грузияға ұша алмады

326

Кутаисиде өтуі керек "Ақтөбе" футбол командасының "Торпедоға" қарсы УЕФА Конференциялар Лигасының іріктеу матчы санкция салынған авиакомпания рейсінің тоқтатылуына байланысты кейінге қалдырылды.  

"Ақтөбе" ФК санкция салдарынан Грузияға ұша алмады Фото: Azattyq Ruhy

Бұл туралы Грузияның азаматтық авиация агенттігі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Қазақстандық футбол командасының рейсі Еуропалық Одақтың санкцияларына ұшыраған ресейлік "ЮВТ Аэро" авиакомпаниясы кесірінен тоқтатылды.

"Ақтөбе" футбол клубының Грузияға келуіне байланысты бастапқы өтінімге сәйкес чартерлік рейсті санкция салынған әрі Еуроодақтың қара тізімінде тұрған ресейлік "ЮВТ Аэро" авиакомпаниясы орындауы тиіс екенін хабарлаймыз. Оған қоса өндірушілер әуе кемесіне шектеулер қойған. Тиісінше, Грузияның азаматтық авиация агенттігі аталған авиакомпанияның ұшуына рұқсат берген жоқ", - делінген хабарламада.

Агенттік рейсті 27 шілдеде қазақстандық SCAT Airlines әуекомпаниясы орындайтынын хабарлады. Тиісті өтініш түскеннен кейін екі сағат ішінде қазақстандық авиакомпанияға ұшуға рұқсат берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу