"Ақтөбе" футбол клубы экс-легионерге қарызынан құтылды

1348

 Айоделе Аделейе клуб қатарына 2015 жылы грекиялық чемпионаттан келіп, бір ғана маусым ойнады. 

"Ақтөбе" футбол клубы экс-легионерге қарызынан құтылды

"Ақтөбе" футбол клубы өзінің бұрынғы ойыншысы Айоделе Аделейе алдындағы қарызын жапты, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

"Ақтөбені" Самат Смақов басқарғаннан кейін бәрі реттеле бастады. Соған алғысым шексіз.Саматтың сөзіне сеніп, клубтың өтінішін орындадық. Олар да уәдесінде тұрды. "Ақтөбеге" ешқандай айыппұл қолданбасын деп ФИФА-ға хат жібердік. Клуб ойыншының алдында барлық міндеттемелерді орындады", – деді Аделейенің агенті Дмитрий Селюк.

Еске сала кетейік, "Ақтөбе" футбол клубы Аделейеге 300 мың доллар қарыз болды.

Аделейе "ақ-қызылдардың" қатарына 2015 жылы грекиялық чемпионаттан келіп, бір ғана маусым ойнады. Сол уақыттың ішінде ол 25 матч ойнап, команда құрамындағы маусымның ең үздік ойыншысы атанды. Алайда, ол қола медаль жеңіп алғаннан кейін клубтан кетіп қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу