Ақтөбе футбол клубы және орталық стадионы сатуға қойылды

1062

Ақтөбе футбол клубы және орталық стадионы сатуға қойылды

Ақтөбе билігі 2018 жылдың соңына дейін 9 коммуналдық мекемені жекешелендірмек. Бүгінде олардың нақты бағасы анықталуда. Сатуға қойылған мекемелердің ішінде "Ақтөбе" футбол клубы және 13 мың орындық Қобыланды батыр атындағы орталық стадион бар. Одан басқа болашағы зор спортсмендерді қолдау үшін ашылған "Намыс" клубы, ауылшарушалық кәсіпорындары, құрылыс және коммуналдық мекемелер жеке меншікке өтуі мүмкін. Облыстық әкімшіліктің хабарлауынша, жекешелендіру процессі жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Мысалы, өткен жылы 343 млн. теңгеге бағаланған "Ақтөбе таза қала" коммуналдық мекемесі 355 млн. теңгеге сатылып, бюджетке пайда түсті. Айта кетерлігі, егер тізімге енген 10 мекеме жеке меншікке өтпесе, олар тарқатылып, ал мүлкі басқа мемлекеттік басқармаларға тапсырылады.

Нұрбек Изимов, Ақтөбе облысы қаржы басқармасы коммуналдық жекеменшікті басқару бөлімінің басшысы: "Ақтөбе облысы бойынша барлығы 396 кәсіпорын бар. Оның ішінде сатуға 9 кәсіпорын қойып отырмыз. 2018 жылы екі мекеме – ол Ақтөбе футбол клубы және орталық стадион қарастырылған. Оның сату тәсілдері комиссиямен шешілетін болады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу