"Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері болып Александр Седнев бекітілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Александр Седневті ақтөбелік жанкүйерлер жақсы таниды. Ол өткен маусымда клубтың бапкерлік штабында болды. Тәжірибелі маман бұрын "Савит", "Динамо", "Белшина" және "Днепре" командаларында бас бапкер ретінде қызмет атқарған.
Команда болса Түркия еліндегі алғашқы оқу-жаттығу жиындарын бастады. Жаттығу 25-қаңтарға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу