Ол облыс әкімімен жолығып, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесуге "Ақтөбе" футбол клубының басқарма төрағасының міндетін атқарушы Азамат Шайхы мен футбол орталығының басшысы Валерий Прихно да қатысты. Олар өңірдегі футболдың даму барысын, келешегін талқылады.
Енді әлемдегі үздік футбол әдістемелерінің бірі "Ақтөбе" клубына, оның ішінде балалар футболының тәжірибесіне енгізіледі. Раймон Аттевельд "Ақтөбе" футбол клубы мен академия тәрбиеленушілерінің жоғары жетістіктерге жететініне сенім білдірді. Ол бұған дейін жергілікті жас жаттықтырушыларға шеберлік сағатын өткізген еді.
57 жастағы Раймон Аттевельд футболшы ретінде Нидерландыдан бөлек, Бельгия мен Англияда ойнаған. Өз отанында және Кипр, Израиль, Украина мемлекеттерінде бапкерлік қызмет атқарған. Алматылық "Қайрат" академиясының іргетасын қалауға да атсалысты.