Ақтөбе хром қосындылары зауытында төрт жұмысшы мерт болды

1154

Екі адам жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Ақтөбе хром қосындылары зауытында төрт жұмысшы мерт болды

Ақтөбе хром қосындылары зауытында төрт адам көз жұмып, екеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық полиция департаментіне хабар жергілікті уақытпен сағат 13:20-да түсті. Онда №4 цехта жұмысшылардың мерт болғаны айтылды.

"Жұмысшылар таңертең 50 текше метр болатын бакті тазартқан. Кейін біреуі ақауды көріп, ішіне кіреді. Шықпаған соң тағы үшеуі түскен. Төртеуі оқиға орнында көз жұмды. Екі адам жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің "Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасын бұзу" бабы бойынша тергеу басталды. Істің мән-жайы анықталуда", – деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Атынай Арыстанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу