"Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" күре жолы жөндеуден өтіп жатыр

505

Жөндеу жұмыстары Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі жол аралығында (763-965 шқ арасы) жүргізіліп жатыр. 

"Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" күре жолы жөндеуден өтіп жатыр Фото: inbusiness.kz

Жолшылар республикалық маңызы бар М-32 "Самара-Шымкент" тасжолының "Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" бөлігін қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік қарқыны жоғары болғандықтан жолдың бұл бөлігінде ақаулар пайда болды. Қазір мамандар шұңқырларды жөндеп, ұсақ түйіршікті асфальтбетоннан тегістеу қабатын салуды. Жөндеу жұмыстары Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі жол аралығында (763-965 шқ арасы) жүргізіліп жатыр. 

Мамандар 20 мың шаршы метр ойық-шұңқырды ретке келтіріп, 62 мың шаршы метр тегістеу қабатын төседі. Жол жамылғысын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетсек, жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайтын "Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын" автожолы қайта жаңартылады. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттама жасақталып жатыр. Реконструкция аясында автожол III техникалық санаттан I санатқа ауыстырылып, 4 жолақты болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу