Ақтөбе - Хромтау тасжолында жүк көлігі өртенді

741

Ақтөбе - Хромтау тасжолында жүк көлігі өртенді

"Ақтөбе-Хромтау" тасжолында жүк тиеген көлік өртеніп кетті. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

"Бүгін Астана уақытымен сағат 9:52-де "Самара-Шымкент" тасжолының Ақтөбе қаласына жақын маңында "DAF" маркалы жүк көлігінің тіркемесінен өрт шықты. Көлік "Алматы-Мәскеу" бағытында келе жатқан. Өртті сөндіруге 7 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды. Өрт арада 40 минут өткенде өшіріліп, сағат 11:00-де толық сөндірілді. Ешкім жараланған жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр",- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу