"AKTOBE INVEST-2022": 8 меморандумға қол қойылды

653

Астанада "Аktobe invest-2022" халықаралық инвестициялық форумы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.   

"AKTOBE INVEST-2022": 8 меморандумға қол қойылды Фото: gov.kz

Осымен жетінші мәрте ұйымдастырылған шараның мақсаты – Ақтөбе өңірі экономикасына инвесторлар тартып, әріптестік байланысты орнату. Жиында 30-дан аса мемлекет пен еліміздің өзге өңірлерінен келген инвесторлардың назарына бірнеше ірі жоба ұсынылды. Олардың көбі ауыл шаруашылығы, медицина және өнеркәсіп саласында іске асырылмақ.

Сондай-ақ меймандар облыстың мүмкіндіктерін 5 блоктан тұратын арнайы көрмеден тамашалады. Нәтижесінде Ақтөбе облысының әкімдігі мен "Е-Эр-Джи" компаниясы және Германия, Литва, Түркия Республикасы елдерінің, ірі инвесторлары арасында 2,7 триллион теңгені құрайтын 8 меморандумға қол қойылды.

"Ақтөбе облысының экономикасы жан-жақты дамыған деп айтуға негіз бар. Ірі өндіріс орындарымен қатар, ауыл шаруашылығын да дамытуға болады. 37 пайызы бүгін ауылшаруашылық мүмкіндіктері. Бір сөзбен айтқанда, ірі өндіріс орны болғанымен, қазір басқа бағыттарды да дамыту керек", - дейді Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу