Ақтөбе қалалық автопаркі 8 жаңа автобуспен толықты

938

Автобустар қаланың екі бөлігін байланыстырып, жолаушылар ағыны ең жоғары бағыттармен қатынайтын болады.

Ақтөбе қалалық автопаркі 8 жаңа автобуспен толықты

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы "Қазхром" ТҰК" АҚ қалалық әкімдікке жаңа қоғамдық көліктерді табыстады. Ыңғайлы әрі жайлы автобустар жолаушылар ағыны шамадан тыс бағыттармен жүрмек, деп хабарлайды компанияның корпоративтік коммуникация қызметі.

"ANKAI" маркалы жаңа автобустар газбен жүретін қозғалтқыштармен жабдықталған. Ол еуро-5 стандарттарына сәйкес келеді, яғни экологиялық тұрғыдан алғанда қауіпсіз.

Сыйымдылығы жоғары, жылы әрі жайлы көлік мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған көтергіштермен және бейнебақылау жүйесімен жарақталған.  Бұл жолаушылардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қызғылт сары және сұр корпоративтік түстерде безендірілген жайлы автобустар қаланың екі бөлігін байланыстырып, жолаушылар ағыны ең жоғары бағыттармен қатынайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу