Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары ауысты

1029

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Азамат Бекет тағайындалды.  

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары ауысты

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары ауысты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ол бұған дейін Атырау облысы, Жылыой ауданының әкімі болған.

Азамат Бекет 1983 жылы туған. Жоғары білімді. Қазақ гуманитарлық заң университетін, Экономика және құқық академиясын тәмамдаған. Бокстан халықаралық дәріжедегі спорт шебері.

2004-2013 жылдары Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Алматы, Астана қалалары мен Батыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде еңбек етті.

2013-2016 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды.

2016 жылдың көктемінде Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынының басшысы болды.

2018 жылдан Жылыой ауданының әкімі қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу