Ақтөбе қаласын екі ауданға бөлу жоспарланып отыр

1206

Ақтөбе қаласын екі ауданға бөлу жоспарланып отыр

Ақтөбе қаласын екі ауданға бөлу жоспарлануда. Бес ауылдық округ, яғни Благодар, Қарғалы, Қурайлы, Жаңақоныс және Сазды елдімекендері біріктіріліп, екі ауданды дамыту жоспары облыстық мәслихатта талқыланады. Әзірге аудандарға атау берілмеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Ақтөбе агломерациясы аясында қаланы екі ауданға бөлу жоспарланған. Қазір оның атауы белгісіз күйінде қалып отыр. Аудан-1, Аудан-2 атауымен жоспар құру басталды.

"Соңғы 10 жылда қала тұрғындарының саны 306 мыңнан 477 мың адамға дейін өсті. Жыл сайын халық саны 10-15 мың адамға артып отыр. Ақтөбе агломерация орталығы миллион тұрғыны бар қала болады. Мұнда шағын және орта бизнес белсенді түрде дамып келеді. Әр жылда 2000-нан астам жаңа бизнес субъектілері ашылады. Қалада тұрғын үй құрылысының белсенді дамуы байқалады. Соңғы бес жыл ішінде 2,2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Қысқа мерзімде "Батыс" және "Нұр-Ақтөбе" шағынаудандары салынды. Қазіргі таңда осында 60 мыңнан астам адам тұрады. Бұл қала тұрғындарының қажеттіліктеріне тез жауап беруді міндеттейді. Қаланың өмірін және дамуын тиімді қамтамасыз ету үшін Ақтөбе қаласын екі ауданға бөлуге болады. Ол қаланың аумақтық тұтастығын, бүкіл қаланы бақылауды, жалпыұлттық қызметтер аумақтық ұйымдастыру және төтенше жағдайлар кезінде күштерді жедел ұйымдастыруды қамтамасыз етеді", - деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 1988 жылға дейін Ақтөбеде екі аудан болған. Ол кезде аудандар Пролетарлық және Фрунзе деп аталды. Бүгінгі күні мұндай аудандар Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында бар.

"Қала маңындағы елдімекендерді (Благодар, Қарғалы, Қурайлы, Жаңақоныс және Сазды) Ақтөбе қаласына қосу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Ақтөбе қаласынан ауылдық округтердің қашықтығы 2-ден 25 шақырымға дейінгі қашықтықта орналасқан. Жаңа тұрғын үй кешендерін және жеке тұрғын үй құрылысын дамыту есебінен Ақтөбе қаласымен 2 ауылдық округ (Қарғалы, Новый) біріктірілді, ауылдық округтердің қашықтығы 2-5 шақырым аралығын құрайды", - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

 Алдағы уақытта бұл мәселе облыстық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясында қаралады. Заңнамаға сәйкес қоғамдық тыңдалымдар өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу