Ақтөбе қаласы Заречный-1 тұрғын алабының тұрғыны 4 маусым сағат 17:00-де үйден шығып кеткен. Ерекше баланы іздеу жұмысына полиция мен еріктілер жұмылдырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кәрім Жетіру үйінен шығып, хабар-ошарсыз кетті. Қазір іздеу жұмысы жүріп жатыр. Баланы көрген-білген адам полицияға хабар берсе болады,- деп хабарлады Ақтөбе қаласы ПБ бастығы Әсет Қалиев.
Жасөспірім футболка және іші киіммен, шығып кеткен деп хабарлады еріктілердің іздеу тобы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу