Ақтөбе қаласында 20 көпқабатты тұрғын үй апатты деп танылды

1188

Ақтөбе қаласында 20 көпқабатты тұрғын үй апатты деп танылды

Ақтөбеде апатты жағдайда тұрған үйлердің орнына құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпкерлерге ұсыныс жасалды. Қала әкімдігі 15 көпқабатты тұрғын үйдің тізімін жасады, деп хабарлайды  Aktobenews.kz.

Ақтөбе қаласында 2 мыңға жуық көпқабатты тұрғын үй бар. 1940-1970 жылдары салынған 237 көпқабатты тұрғын үйдің жағдайы нашар, инженерлік инфрақұрылымы ескірген, кірпіші үгітіліп тұр. Көбі Тұрғындар қалашығы, Әуе қалашығы, қаланың ескі бөлігі мен Қарғалы ауылында орналасқан.

Ақтөбе әкімдігі арнайы комиссия құрып, үйлерді тағы бір қарап шықты. Комиссия құрамында төтенше жағдайлар қызметі, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің мамандары, тұрғын үй инспекциясының өкілі болды. Тексеру кезінде 20 көпқабатты тұрғын үйдің адам өміріне қауіпті екені анықталды.

"Сүріп тастауға жататын үйлердің 15-і құрылыс компанияларына ұсынылды. Қазіргі кезде бір компания Есет батыр көшесіндегі үйді алып, қирату, қайта салуды жобалау жұмыстарын бастады. 8 пәтерлі тұрғын үйді сатып алу кәсіпкер үшін 57 миллион 600 мың теңге болады. Бұл жерге 1 подьезді 54 пәтерлі тұрғын үй салынады", — деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу