Ақтөбе қаласында қоғамдық көлік жолақысы қымбаттайды

1349

Қала ішілік қоғамдық көлік билеті 80 теңге болмақ. Жеке категориядағы ақтөбеліктер үшін 60 және 40 теңге деп бекітілген.

Ақтөбе қаласында қоғамдық көлік жолақысы қымбаттайды

Ақтөбе қаласында қоғамдық көлікте жаңа біріңғай тариф бекітілді. 26 қазаннан бастап автобустарда жолақы құны өзгереді. Қала ішілік қоғамдық көлік билеті 80 теңге болмақ. Жеке категориядағы ақтөбеліктер үшін 60 және 40 теңге деп бекітілген, деп хабарлайды aktobenews.kz.

"Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында жолаушылар тасымалымен екі компания — "Автопарк" және "ПАТП" ЖШС-тері айналысады.  2015 жылдың ақпан айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін жолаушылар тасымалының тарифі өзгермей 55 теңге болып келді. Биыл тамыз айында тасымалдаушылар жаңа тариф енгізу туралы ұсыныс түсірді. Оған қатысты қалада комиссия құрылып, тексеру жүргізілді", — деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қала аралық қоғамдық көлік шығынын есептеген арнайы коммиссия жолақыны көбейтуге келісім берген.

"Тасымалдаушылардың есебін қарай отырып, Комиссия тарифті 80 теңгеге көтеру туралы шешім қабылдады.

Есептерді зерттеу барысында, Ақтөбе қаласы мәслихатымен бірге тұрғындармен 6 мәрте кездесу ұйымдастырылып, тарифті көтеру жөнінде мәселе талқыға салынды. Есепті кездесулерде қала азаматтары тарапынан зейнеткерлерге, мүгедектерге, және өзге де категориядағы жандарға жеңілдіктер беру жөнінде ұсыныстар берілді", — деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Бекітілген жаңа бағада ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер, зейнеткерлер және Чернобыль АЭС-ындағы апатты залалсыздандыруға қатысқан тұлғалар 60 теңге төлейді. Ал  ҰОС қатысушылар, І топтағы мүгедектер және ІІ топтағы зағип жандар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға жол жүру билеті тегін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу