Ақтөбе қаласында қой жүнінен өнім шығаратын зауыт салынады

269

Жоба мемлекет қолдауымен жүзеге асырылады.  

Ақтөбе қаласында қой жүнінен өнім шығаратын зауыт салынады Фото: gov.kz

Ақтөбе қаласында еліміздегі бірегей KazFelTec кәсіпорынын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл табиғи қой жүнінен тоқыма емес материалдар өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт болмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты облыстық әкімдікке сілтеме жасап. 

Жоба озық италиялық Cormatex Airlay технологиясы негізінде жүзеге асырылып, экологиялық таза жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар шығаруға бағытталған. Зауыт жылына 2,5 мың тонна жүнді өңдеуге қауқарлы.

KazFelTec – жай ғана зауыт емес, елдегі ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу тізбегін құру жолындағы маңызды буын. Бүгінде елімізде қой жүнінің небәрі 29%-ы ғана өңделеді, қалғаны кәдеге аспай жатыр.

Жаңа зауыт фермерлермен тұрақты кооперация орнатуға, мал шаруашылығы өнімдерінің экономикалық құндылығын арттыруға және қалдықтарды азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, өндірістік жабдықтарды орнату қызу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу