Ақтөбе қаласында қоқыс уақтылы шығарылмай жатыр

978

Ақтөбе қаласында қоқыс уақтылы шығарылмай жатыр

Ақтөбе қаласында қоқыс уақтылы шығарылмай жатыр. Бердібек Сапарбаев мердігер компанияларға екі күнде тазартуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қаланы аралап, үйіліп жатқан қоқысты өз көзімен көрді. Сол жерде қала тазалығына жауапты 31 басқарушы компанияның басшыларымен, соның ішінде қаланы санитарлық тазалумен айналысатын операторлармен кездесті. 

"Екі күнде ортақ күш-жігерімізбен қаланы тазалау қажет, бірде бір қоқыс алаңында қоқыс болмауы тиіс", - деді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.

Еске салсақ, қоқыс шығаратын "Таза қала Ақтөбе" мемлекеттік коммуналдық компаниясы таратылып, "Ақжол" компаниясы тарифті көтеруді сұрады. Кейін қала әкімдігі шаһар территориясын 10 бөлікке бөліп, қоқыс шығаратын компанияларды анықтады.  Әзірге оларда арнайы техника жоқ. Қала әкімінің міндетін атқарушы Қуандық Қасымовтың айтуынша,  әкімдік бір ай бойы мердігер компанияларға қоқыс шығаратын машиналарды береді. Кейін әр компания өз арнайы техникасын сатып алуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу