13 мамырда таңертең Ақтөбе қаласының Сәңкібай батыр даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үй өртенген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде қою түтін шығып жатқанын көреді. Құтқарушылар екінші қабаттағы пәтердегі 5 шаршы метр аумақта үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды жедел түрде сөндірді.
Олар баспалдақ пен автосаты көмегімен 6 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Сонымен бірге 72 адам өз бетінше далаға шықты.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу