Ақтөбе қаласында тұңғыш рет триатлоннан командалық чемпионат өтеді

944

Ақтөбе қаласында тұңғыш рет триатлоннан командалық чемпионат өтеді

Ақтөбе қаласында өтетін триатлоннан сайысқа қаланың кез келген тұрғыны қатыса алады. Үш адамнан құралған команда суда жүзеді, велосипедпен жарысады, ұзақ қашықтыққа жүгіреді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

19 тамыз күні Ақтөбе қаласында тұңғыш рет триатлоннан командалық чемпионат өтеді. Команда құрамы 3 адамнан тұруы тиіс (2 ер адам және 1 әйел). Яғни бір адам суда жүзеді, екіншісі велосипед тебеді, үшіншісі жүгіреді.

Жарыс сағат 10:00-де Саяхат (Ақтөбе су қоймасы) ауылында басталады. Сайыскерлер Ақтөбе теңізінде 200 метр  қашықтыққа жүзеді. Екінші кезеңінде Саяхат ауылынан Тұңғыш президент атындағы орталық саябаққа дейін велосипедпен жарысады. Үшінші кезеңінде 5 шақырым қашықтыққа жүгіреді.

Жас шамалары: 18-29 және 30 немесе одан жоғары. Алдын ала өтініштер 17 тамызға дейін қабылданады.

"Әзірге мен білетін тек бес команда жиналды. Дүйсенбіден бастап өтініштер қабылдана бастайды. Сондай-ақ, жарысқа қатысуға жеке куәліктің көшірмесі қажет. Медициналық анықтаманың орнына "денсаулығыма өзім жауапты боламын" деген қолхат жеткілікті. Өйткені анықтама керек десек, қатысуға тілек білдіргендердің жартысы келмей қояды, — деді қалалық спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров.

Айта кетейік, алдын ала өтініштер Ахтанов, 50 мекенжайы бойынша орналасқан қалалық спорт бөлімінде қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу