Ақтөбе қаласында жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

570

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе қаласында жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Ақтөбе қаласында жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп жазады inbusiness.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Ақтөбе облысының полиция департаменті көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәліктерін халыққа заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойды. Тінту іс-шараларын жүргізу барысында топтың әр қатысушысының қылмыстық рөлін растайтын заттай дәлелдемелер алынды. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде қылмыстық топты құрықтау операциясы кезінде түсірілген бейнеролик тарап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу