Ақтөбеде келер жылдан бастап жылу 10 пайызға қымбаттайды. Белгіленген тариф 2020 жылға дейін сақталуға тиіс, деп хабарлайды khabar.kz.
Қаланы жылумен қамтитын компания осыдан 3 ай бұрын бағаны өсіру үшін монополияға қарсы департаментке өтініш берген болатын. Компания көгілдір отынның қымбаттағанын алға тартқан еді. Бірақ құзырлы органнан жыл соңына дейін тарифті өзгертуге рұқсат берілмеді.
"Жылу компаниясымен биылғы жылдың қарашасынан бастап жылу энергиясын 13 пайыз өсіруіне өтінім келіп түсті. Алайда біздің ведомстволық органмен бұндай өсім рұқсат берілген жоқ. Ендігі келесі өсім келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап берілетін болады", - дейді облыстық ТМР бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы Нұрлан Болатбаев.