Ол Қазақстан мен Ресей шекарасында ұсталды.
Ақтөбе қаласында болған оқиға әлеуметтік желі арқылы тарап кетті. Онда 11 шағын аудандағы көпір үстінде жүрген балаларға бейтаныс адамның кішкентай құтыдағы газ баллонын қолданғаны белгілі болды. Балалар сол кезде айқайлап, біреуі қаша жөнелген. Осыдан кейін жасөспірімді іздеу жұмысы жүргізілді.
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері шекарадан өтпек болған кәмелетке толмаған күдіктіні ұстады. Ол бұзақылық ісі бойынша іздеуде болды. Балаларға қарсы газ құтысын қолданған, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.