Ақтөбе қаласындағы жалғыз жерасты өткеліне жөндеу жүргізіледі

928

Оған 8 млн теңге бөлінген.

Ақтөбе қаласындағы жалғыз жерасты өткеліне жөндеу жүргізіледі

Ақтөбе қаласындағы жалғыз жерасты өткеліне жөндеу жүргізілмек. Бұл он бір жылдан бері жасалып жатқан алғашқы жөндеу жұмысы, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Қалада "Нұр Ғасыр" мешіті мен ҚР Тұңғыш президенті паркінің арасындағы жерасты өткелі 2010 жылы салынған. Оның жалпы көлемі 750 шаршы метр, биіктігі 2,5, ені 8 метр, құрылысы 195 млн.теңгеге бағаланған. Содан бергі уақыт ішінде тұрғындардың игілігіне жарап келе жатқан өткел кафелі сынып, плиткалары түсіп, адам көргісіз күйге түскен. Оның бүлінуіне қабырғаларды шимайлап тастаған вандалдар да өз "үлесін" қосыпты.

Көптен қозғалып жүрген мәселе ақыры шешімін тапқан. Қазіргі күні жерасты өткеліне жөндеу жүргізіліп жатыр. Белгілі болғандай, Ақтау қаласынан "Нұралы" ЖШС-мен 8 млн теңгеге келісімшарт жасалған. 

"Олар бұл қаражатқа едендегі барлық керамогранит пен шамдарды ауыстырады. Жұмыс екі айдан кейін тапсырылады", - дейді қала әкімінің орынбасары Қуандық Қасымов. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу