Мұрат Жөребеков - Ақтөбенің тумасы. Ол Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, кейін Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын, "Strathclyde" университетін (Шотландия, Глазго қ.), "Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама" мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін (АҚШ, Бостон қ.), 2019 жылы Қазақ-Британ техникалық университтерін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы "ҚазТрансГаз" ЖАҚ Қарашығанақ жобасы бойынша департаменттің бюджеттік бақылау жөніндегі бас маманы ретінде бастаған. Әр жылдары "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ, Лондон қаласындағы "Аджип ККО", "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "PSA" ЖШС қызмет еткен.
Ақтөбе қаласы әкімі лауазымына дейін 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.