Ақтөбе – Қандыағаш тасжолын жөндеуге 65 миллиард теңге көлемінде қарыз алынады

1227

Азия даму банкімен келісімшарт қазан айында жасалып, жыл соңында құрылысты бастайтын мердігерлер анықталады. 

Ақтөбе – Қандыағаш тасжолын жөндеуге 65 миллиард теңге көлемінде қарыз алынады

Ақтөбе – Қандыағаш тасжолын жөндеу үшін Азия даму банкінен 65 млрд теңге көлемінде қарыз алынатын болды, деп хабарлайды Atameken Business.

Банкпен келісімшарт алдағы қазан айында жасалып, жыл соңында құрылысты бастайтын мердігерлер анықталады. 89 шақырымдық жол жоспар бойынша 2020-2023 жылдары салынады.

Жалпы, республикалық маңызы бар жолдардың 2 мыңға жуық шақырымы осы өңір арқылы өтеді. Бүгінде Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолының да біраз бөлігінде жөндеу жұмыстары басталған. Ал жергілікті жолдарды қалпына келтіруге биыл 17 млрд теңге жұмсалмақ. Осылайша, облыс бойынша барлығы 250 шақырым тасжол жөнделетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу