Автомобиль жолының 87+100 шақырым аралығындағы учаскесінде электронды ақпараттық экран мен бақылау аркасы орнатылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2025 жылғы 26 тамыз күні республикалық маңызы бар "Ақтөбе–Қандыағаш" автомобиль жолының 87+100 шақырым аралығындағы учаскесінде электронды ақпараттық экран мен бақылау аркасын орнату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
"Соған байланысты 2025 жылғы 26 тамыз сағат 12:00-ден 14:00-ге аталмыш жол учаскесінде Қандыағаш қаласының айналма жолынан бастап елдімекеннің кіреберісіне дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", – делінген компания хабарламасында.