"Ақтөбе – Қарабұтақ" республикалық тас жолының шұңқырлары жамалып жатыр

607

"ҚазАвтоЖол" Ақтөбе-Қарабұтақ жолының учаскесін жөндеуді уақытша шара екенін айтты.  

"Ақтөбе – Қарабұтақ" республикалық тас жолының шұңқырлары жамалып жатыр Фото: qazavtojol

Бұл республикалық маңызы бар М-32 "Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға дейін) – Шымкент" тас жолы. Мұнда жолдың үстіңгі қабатын тегістеу және шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл шара учаскеде көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайтын "Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын" автожолы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылады. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Реконструкция жұмыстары аясында жол санаты III техникалық категориядан I санатқа өтіп, күре жол 4 жолақты болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу