Ақтөбе – Қарабұтақ тасжолында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

113

Жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.  

Ақтөбе – Қарабұтақ тасжолында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді Фото: Creative Touch Imaging Ltd./NurPhoto via Getty Images

Ақтөбе облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жол қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 9 наурыз сағат 22:00-ден бастап "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 776–965 шақырым аралығында, яғни Ақтөбе қаласы мен Қарабұтақ кенті арасында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.

Шектеу қолайсыз ауа райына байланысты енгізіліп отыр. Мамандардың айтуынша, жол қозғалысын 2026 жылғы 10 наурыз сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланған.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу