Ақтөбе кәсіпорындарын алдағы 5 жылда техникалық тұрғыдан жаңғыртуға 400 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ биыл шағын және орта бизнестің үлесін 25 пайызға жеткізу, ШОБ субъектілерінің санын 52,4 мың бірлікке жеткізу және "БЖК-2020" бағдарламасын жүзеге асыру қарастырылған.
Қазір бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі айтарлықтай жоғары. ШОБ субъектілері өндірген өнім көлемі мен қызмет көрсету құны 662,1 млрд теңгеге жетті.
Облыста шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту жұмысы күшейтілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу