Ақтөбе кен орнындағы өрт: Зардап шеккен жұмысшыларға 1 млн теңге көмек беріледі

503

Бұл туралы "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ ресми сайтында жариялады. 

Ақтөбе кен орнындағы өрт: Зардап шеккен жұмысшыларға 1 млн теңге көмек беріледі Фото: Ақтөбе облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

1-2 дәрежедегі күйік алған 4 адам газ дайындау цехының жұмысшылары екені анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жаңажол мұнайгазөңдеу кешенінің" технологиялық құбырлар желісінен шыққан тұтанудың себептері арнайы мемлекеттік комиссиясының қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады. Жаңажол мұнайгаз өңдеу кешенінде магистральды газ құбыры бойынша тасымалдау үшін дайындаған тауарлық газды жеткізу шұғыл түрле ретке келтірілді. Аз уақыттың ішінде  сұйытылған көмірсутекті газды  өндіру және тиеу де бекітілген кесте бойынша жұмысын жалғастырды", делінген "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ қоғамы таратқан ресми ақпаратта. 

ЖМГӨК Мұғалжар ауданы Жаңажол кенорнында орналасқан. 1 мамыр күні сағат 15-30-да жеңіл көмірсутектер алатын құбыр қондырғысында жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде газ шығып, артынша тұтанған. 

Еске салсақ, бірінші мамыр күні  Ақтөбе облысында кенорнында өрт болып, одан  4 жұмысы зардап шеккен еді. Денесін күйік шалған 4 жұмысшы санавициямен, реанимобильдермен облыс орталығына жеткізілді.

Ақтөбе облысындағы кенорнындағы өртке байланысты "Өрт қауіпсздігі талаптарын сақтамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жұмыстары басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу