Ақтөбе облысының Жаңажол кен орнында газ зауытында болған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Салдарын тексеру керек. Қылмыстық іске байланысты әрбір звеноның іс әрекеттерін қадағалау керек, соған байланысты тұжырымдар жасау керек. Болашақта мұндай жағдай болмас үшін нақты жол картасын жасау керек, - деді Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Зардап шеккен төрт жұмысшыны реанимобиль және санавиациямен облыс орталығына жеткізетін болды. Ал Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысы Марғұлан Аманбаевтың айтуынша, №2 Жаңажол газ өңдеу зауытындағы өрт дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің "Өрт қауіпсіздігі талаптарын" бұзу бойынша іс қозғалды.