Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарында 7,5 млн га жерге егін егіледі

170

Бүгінгі күні республика бойынша 7 млн га егін егілген.

Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарында 7,5 млн га жерге егін егіледі Фото: gov.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 18-21 мамырда Айдарбек Сапаров еліміздің барлық егіс алқаптарының 31,5% -ын құрайтын үш аймақтың егіс жұмыстарының барысымен және фермерлердің жағдайымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша бүгінгі күні республика бойынша 7 млн га егін егілген. Оның ішінде Ақтөбе облысында - 220 мың га немесе өңірдің жалпы егіс алқабының 37,7%, Қарағанды облысында - 326,4 мың га немесе 30,3%, Қостанай облысында - 1 322 мың га немесе егіс үшін жоспарланған барлық алқаптың 25,7%  .

ҚР Президентінің тапсырмасы аясында минералды тыңайтқыштарды енгізу деңгейін арттыру мақсатында облыс әкімдіктеріне биылғы жылғы деңгейді қоса алғанда  1,5 млн тоннаға дейін жеткізу міндеті жүктелген. Атап айтқанда Ақтөбе облысы - 27,2 мың тонна, Қарағанды облысы - 71,5 мың тонна және Қостанай облысы - 258,6 мың тонна тыңайтқышпен қамтылуы тиіс.

21 мамырдағы жағдай бойынша облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес 889 мың тонна көлемінде тыңайтқыш сатып алуға шарттар жасалды. Оның 734,4 мың тоннасы фермерлерге жөнелтілді. Бүгінгі таңда Ақтөбе облысына 2,7 мың тоннаға келісім жасалып, әзірге 2,5 мың тоннасы жіберілген. Қарағанды облысына қажетті 28,2 мың тонна тыңайтқышқа шарттар жасалып, 21,2 мың тоннасы аталған өңірге жетті. Ал, Қостанай облысына қажетті 170,0 мың тоннаға келісімшарт жасалып, 108,7 мың тонна тыңайтқыш егіс алқабына жеткізілді.

Айдарбек Сапаров жақсы өнім алу үшін жеткілікті көлемде тыңайтқыш енгізудің маңыздылығын, сондай-ақ бұл үшін ҚР АШМ қажетті жағдай жасайтынын, атап айтқанда тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігі енгізілгенін, ал қазақстандық өндірушілер тыңайтқыштарды әкімдіктердің кепілдігімен жөнелтетінін, соның арқасында шаруаларға егін егу кезеңінде бірден төлем жасаудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Тыңайтқыштарды субсидиялауға 2024 жылға жергілікті бюджеттерден 36,2 млрд. теңге бағытталған.

Министр атап өткендей, егіс жұмыстарына 376 мың тонна дизель отыны бөлінді, оның ішінде Қостанай облысында - 79,6 мың тонна, Ақтөбе облысында - 7,2 мың тонна, Қарағанды облысында - 17,4 мың тонна тиесілі. Аймақтық операторлардың жеткізу шығындарын ескере отырып, АШТӨ үшін орташа баға республика бойынша енді 250 теңге/литрді құрайды, бұл нарықтық бағадан 15% арзан.

Сондай-ақ, егіс науқанын қаржыландыруға алғаш рет 5 пайыздық жеңілдікпен 580 миллиард теңгеге дейін қарыз қаражат бөлінді. "Кең дала", "Кең дала-2" бағдарламалары бойынша Аграрлық несие корпорациясы арқылы және форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" арқылы қаржы бөлінді.

Жоғарыда аталған үш облыстың шаруаларынан АНК арқылы қаржыландыруға жалпы сомасы 49,8 млрд теңгеге 669 өтінім, ал Азық-түлік корпорациясы арқылы 177 мың тонна астық сатып алу мақсатында 11,9 млрд теңгеге 134 өтінім түскен.

Айдарбек Сапаров үйір шегірткелерінің таралуы болжанатын Қостанай және Ақтөбе облыстарында зиянкеспен күресу шаралары бойынша жедел кеңестер өткізіп, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне әкімдіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді, сондай-ақ шекара маңындағы аумақтар бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. Қостанай және Ақтөбе облыстарында қыстайтын шегіртке үйірлерінің жай-күйін анықтау бойынша мониторинг жұмыстары аяқталды, жұмыртқадан шыққан дернәсілдерге көктемгі мониторинг жұмыстары басталды, Ақтөбе және Қостанай облыстарында мамыр айының аяғында шегірткеге қарсы жаппай іс-шаралар басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу