Ақтөбеде биылдан бастап "Білім класс" журналы қолданысқа енгізілді. Себебі өңірде "Ақтөбе облысындағы шағын жинақты мектептердің әлеуетін арттыру" атты пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр.
"Әр аудан орталығындағы 12 мектеп, 134 шағын жинақты мектепті жабдықтауға 5 миллиард теңге бөлінеді. 12 мектеп түгел жаңартылып, оған 3 миллиард теңге жұмсалады. Ал 134 шағын мектеп үшін 2 миллиард теңге қарастырылған. Онда екі кабинетке компьютер, интерактивті тақта алынады. Ал "Білім класс" журналын қолданудың өз артықшылығы болады. Мұнда ауыл мектептерінің мұғалімдері үшін электронды нұсқада дайын материалдар жүктеледі. Барлық цифрлық ресурсты тегін қолдана аламыз. Онда 26 мыңнан астам сабақ, 8 мыңға жуық пайдалы ақпарат орналастырылған. Бәрі мұғалімге, оқушыға қолжетімді",- деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.
"Білім класс" - еліміз бойынша пилоттық жоба.