Ақтөбе мен Атырау облыстарында бірқатар жол учаскелерінде қозғалыс қайта ашылады

121

2026 жылғы 15 ақпан сағат 11:40-тан бастап республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс қайта ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақтөбе мен Атырау облыстарында бірқатар жол учаскелерінде қозғалыс қайта ашылады Фото: canva

Ақтөбе облысында "Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы өткізу пункті)" автожолының 104-337 шақырым аралығында, яғни Қандыағаш қаласынан Атырау облысының шекарасына дейінгі бөлігінде қозғалысқа рұқсат беріледі.

Сондай-ақ Атырау облысында аталған автожолдың 337-346 шақырым аралығы – Ақтөбе облысының шекарасынан Сағыз ауылы бағытындағы учаске де барлық көлік түрлері үшін ашылады.

ҚазАвтоЖол жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріп, көлік қозғалысы туралы өзекті ақпаратты нақтылап алуға кеңес береді.

Қосымша мәліметті 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу