Ақтөбе мен Қарағандыда ірі металлургиялық жобалар іске асады

146

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақтөбе мен Қарағандыда ірі металлургиялық жобалар іске асады Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың жетекшілігімен Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиында металлургия саласында инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған бірқатар инвестициялық жобалар қарастырылды.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысында озық технологиялар негізінде жоғары сапалы катодты мыс өндіру жобасы және Қарағанды облысында вольфрам кенін өңдеп, гидрометаллургиялық әдіс арқылы аммоний паравольфраматын шығару жобасы талқыланды.

Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, мұндай бастамалар елдің экспорттық әлеуетін арттырып, шикізатты терең өңдеу арқылы қосылған құны жоғары өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұл жобалар өнеркәсіптің дамуына серпін беріп, экономикалық тиімділігі жоғары нәтижелерге жол ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу