Ақтөбе мен Татарстан өзара келісім жасады

903

Ақтөбе мен Татарстан өзара келісім жасады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан мен Ресейдің XIV өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Ақтөбе мен Татарстан өзара келісім жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин қатысқан өңіраралық форумға Ақтөбе делегациясы барды. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, форум кезінде Ақтөбе облысының әкімдігі мен Татарстан республикасының президенті сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

"Құжатқа облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов қол қойды. Тауар айналымының деңгейін көтеру, ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдауды жеделдету, индустриялық және ІТ-парктердің қызметі бойынша ақпарат және тәжірибемен алмасу келісімі жасалды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және спорт саласында бірлескен жобалар жүзеге асырылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу