Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқушының өліміне қатысты түсінік берді

1138

Қазіргі уақытта үйге барып, баланы қараған дәрігер мен қоңырау қабылдаған фельдшер уақытша жұмыстан шеттетілді.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқушының өліміне қатысты түсінік берді

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқушының өліміне қатысты түсінік берді. 7 жастағы Інжу Жанкина тілін жұтып, ауа жетпей көз жұмды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбеде облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқушының өлімінен соң арнайы комиссия құрды. Комиссия жедел жәрдем бригадасы, емхана мен мектептегі медициналық пункт дәрігерімен кездесу өткізді. Ата-анасымен сөйлесіп, жағдайдың қалай болғанын тексерді, жедел жәрдемнің неліктен кеш барғанын, дәрігерлердің кінәсін айтып берді.

"Жедел жәрдем 49 минутта барды. Оның екі себебі бар. Біріншісі, адами фактор. Қоңырау шалғанда "қызуы жоғары" деп айтылды. Диспетчер "қызуы өте жоғары" деп жазуға тиіс еді. Екіншіден, мекенжайы дұрыс жазылмады. Олар "Нұр Ақтөбенің" төртінші ықшам ауданы деп жазып алған. Қайта телефон шалып сұрап, содан кейін ғана тапты", — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Комиссия жедел жәрдем бригадасы дәрігерлерінің этикалық заңдылықты бұзғанын да анықтады. Яғни, үйге кірген кезде сөз таластырды.

"Дәрігер қараған кезде қолы мұздап, басы солға қарап жатты. Ағаш қасықпен тілін алып шықпақ болған, бірақ қолдарынан келмеді. Денесі құрысқан кезде тілін жұтып, тыныс ала алмай қалды. Баланың көз жұмғанын көрген кезде дәрігерлер көмектеспей, тек өлімді тіркеді", — деді Светлана Есенаманова.

ҚР денсаулық сақтау министрлігі тәуелсіз комиссия құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу