Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

1101

Жаңа басшыны өңір әкімі таныстырды. 

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аппараттық отырыста денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымға Самат Данияров тағайындалды, деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ақтөбе мемлекеттік медициналық институты мен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің түлегі. Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облыстық ауруханасында қызмет етуден бастаған. Әр жылдары Қызылорда облыстық ауруханасында инспектор, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы, басқарма басшысының орынбасары, Ақтөбе облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері лауазымдарын атқарды. 2017 жылдан бастап Отбасылық медицина орталығының бас дәрігері болып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу