Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы мен ТЖД меморандумға қол қойды

1270

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы мен ТЖД меморандумға қол қойды

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті арасында меморандумға қол қойылды. Мақсат — кәсіпкерлікті дамытуға қатысты кедергіні жою.

"Атамекен" Ұлттық  кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының  директоры Нұрлыбек Мұқанов пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов екі жақты ынтымақтастық жөніндегі құжатқа қол қойып, алда атқарылатын жұмыстарды ортаға салды.

Төтенше жағдайлар департаменті басшысының айтуынша, бизнес нысандарын тексеру кезінде түрлі келеңсіздіктер орын алады. Кәсіпкерлердің ішінде  өрт қауіпсіздігі мен өзге де төтенше жағдай талаптарын орындамайтын және қандай талаптың бар екенін білмейтіндер бар көрінеді. Ал департамент өкілдері тексере келіп, талапты орындамағандарға әкімшілік жаза береді. Кейде осының соңы үлкен шуға ұласатын жағдайлар да кездесіп тұрады екен. Меморандум аясында осы мәселелер ынтымақтастықта шешілмек. Арнайы жұмыс тобы құрылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мәселенің барлығын кәсіпкерлік палатасы мен департамент бірлесіп шешеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу