Ақтөбе облыстық сотының төрағасы тағайындалды

564

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов Ақтөбе облысының сот ұжымына облыстық соттың жаңа төрағасы Айдар Смағұловты таныстырды, деп хабарлайды  inbusiness.kz  Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы тағайындалды Фото: Ақтөбе облыстық соты

Жиынға облыс әкімі, судьялар мен облыс активі, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Әбдірашид Жүкенов Айдар Әскербекұлының судьялық қызметтегі көп жылғы тәжірибесін айтып, оның жоғары кәсіби біліктілігін, мінсіз беделі мен еңбекқорлығын ерекше атап өтті. Баяндамашы Айдар Смағұлов жаңа қызметінде сот жүйесінің дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Айдар Смағұлов 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Благовещенка ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Ол бұған дейін Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу