Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин футболдан 2006 жылғы жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Облыс әкімінің кубогына жалпы саны 6 команда таласатын болады. Ақтөбе өңірінен "Ақтөбе" ФК мен №8 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің командасы намысты қорғаса, Ресей елінен келген "Оренбург", "Носта" командалары Қырғызстан елінің "Фрунзе" командасы және Өзбекстан елінің "Бунедкор" ФК-ның ойыншылары өзара бақ сынайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу