2023 жылғы 8 ақпанда сағат 09: 39-да Алға ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің "101" пультіне Айымбетов көшесіндегі Алға электр станциясының ашық жалынмен жануы туралы ақпарат келіп түсті.
Шақыру орнына 18 құтқарушы және 4 бірлік техника жіберілді.
Оқиға орнына құтқарушылар келгеннен кейін ғимараттың кіреберіс қақпасының есігін бұзып ашу жүзеге асырылды.
Өртті сөндіру барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, көбікпен жүзеге асырылды.
Өртті сөндіру барысында құтқарушылар өрттің көршілес қосалқы станция секцияларына таралу қаупі жойылды.
Өрт алаңы 50 шаршы метр.
Жалын 10 сағат 29 минутта оқшауланып, 10 сағат 40 минутта сөндірілді.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.