Астанада ашылған "Бейбітшілік қабырғасының" мағынасын Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев түсіндіріп берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz
Сапарбаевтың пайымынша, Астананың 20 жылдығына тарту етілген нысанның мағынасы тереңде жатыр.
"Біз 29 тамыз — ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні қарсаңында бұл нысанды ашып отырмыз. Әлем Қазақстан мен елбасының бейбітшілік үшін не жасап отырғанын білуі керек. Мұнда 50-ден астам елдің тілінде бейбітшілік деп жазылған. Сонымен бірге, президенттің ядролық полигонды жабу жөніндегі қаулысынан қысқаша үзінді келтірілген", — деді Бердібек Сапарбаев.
Айта кетейік, Ақтөбе облысы Астананың 20 жылдығына "Бейбітшілік қабырғасын" салып берді. Нысанның құны - 1,8 млрд теңге.