Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

1070

Бұл жайында облыс әкімі баспасөз қызметінің Instagram парақшасы мәлімет таратты.  

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасына Рүстем Исаев басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

44 жастағы Рүстем Исаев – Ақтөбе мемлекеттік медицина университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлегі.​

Еңбек жолын 1993 жылы Хромтау аудандық орталық ауруханасында реанимация бөлімінде санитар болып бастаған.​

Әр жылдары Ойыл​ аудандық орталық ауруханасында хирург-дәрігер, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, бас дәрігердің​ емдеу ісі жөніндегі​ орынбасары,​ Хромтау аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етті.​

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне​ тағайындалар алдында Ақтөбе медициналық орталығын басқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу