Ақтөбе облысы егін егуге дайын

2307

Сәуір айының соңына таман егін егу науқаны басталады.

Ақтөбе облысы егін егуге дайын

Ақтөбе облысында келесі аптадан бастап ауылшаруашылығы құрылымдары ылғал жабу жұмыстарына кіріседі, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Жалпы биыл өңірде 805 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылы егіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Оның 451 мың гектары – дәнді дақыл, 50 мың гектар алқапқа –майлы дақыл, ал 292 мың гектарға мал азығы дақылдары егіледі деп жоспарлануда. Сонымен бірге 6,3 мың гектар алқапқа – картоп, 4,4 гектарға – көкөніс, 1,1 гектарға бау-бақша өнімдері егілмек.

"Ауылшаруашылығы министрлігі тарапынан 8,5 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бүгінгі күні тасып алу және тарату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Отынның 1 литрінің бағасы 169,5 теңгені құрайды. Бұл нарықтық бағадан 20 пайызға арзан. Ауылшаруашылығы құрылымдары толығымен тұқыммен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда сол тұқымдарды сараптамадан, тазартудан өткізіп жатыр. Дайындық жоғарғы деңгейде", – дейді Ақтөбе облыстық ауылшаруашылығы басқармасы егіншілік бөлімінің басшысы Диас Ерғалиев.

Сәуір айының соңына таман егін егу кезеңі басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу