Ақтөбе облысы Қарақалпақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтпек

328

Тараптар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика және сауда салаларындағы бірлескен жобаларды талқылады.  

Ақтөбе облысы Қарақалпақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтпек Фото: gov.kz

Ақтау қаласында өткен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы өңірлері басшылары кеңесінің алғашқы отырысы аясында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов Қарақалпақстан Республикасы мен Өзбекстанның іскерлік қауымдастығы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар Ақтөбе облысы мен Қарақалпақстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Тараптар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика, сауда және өнімді өңдеу салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ кәсіпорындар арасындағы өндірістік кооперацияны дамытуға басымдық берді.

Жиын барысында Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшылары кеңесі өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы тікелей байланысты дамытуға және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге мүмкіндік беретін тиімді алаң екені атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу