ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының хабарлауынша, былтыр қараша айының соңында Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында бұзау өлі туған. Ветеринар мамандар төлдің патматериалын алып, облыстық ветеринарлық зертханасына жіберілді.
"Ақтөбе облыстық ветеринариялық зертхана тексеріп, сарып (бруцеллез) диагнозын қойды. Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі мал иесінің үйінде ірі қара мал арасында бруцеллез ауруына қарсы шектеу іс-шаралары енгізді. Әрбір 15-20 күн сайын екі рет малдан сынама алынады. "Эпизоотияға қарсы отряд" РМК-ы қорада дезинфекциялаужұмысын жүргізеді. Сонымен бірге ауданның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы бақылауын жүргізеді. Бұл малдың иесінде 6 бас мүйізді ірі қара, 26 бас ұсақ мал тіркелген",- деп хабарлады ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы.