Қобда ауылында 79 үй, 22 аула аумағы еріген қар суының астында қалған болатын. Арнайы комиссия суда қалған 3 үй қалпына келтірілмейді, 4 үйдің қабырғалары құлаған, олар апатты деп танылды, 17 үй суда тұр деген ұйғарым жасады.
Өңір басшылығы үш отбасыға бюджеттен тыс қаражат есебінен тұрғын үй сатып алуды жоспарлағанымен, елдімекенде бос тұрғын үй болмай шықты. Соған байланысты үй салу жөнінде шешім қабылданды.
Елді мекенде су деңгейі деңгейінің төмендеп келеді. Су сору, құм төсеу және су айдау жұмыстары жалғасып жатыр.
Зада Зейін
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу