Ақтөбе облысы қой және түйе жүнін экспорттамақшы

1514

Ақтөбе облысы қой және түйе жүнін экспорттамақшы

Ақтөбе облысы Моңғолияға қой және түйе жүнін экспорттамақшы, деп хабарлайды "Казинформ".

Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллиннің айтуынша, жергілікті кәсіпкер шикізатты экспорттау жөнінде моңғолиялық кәсіпорынмен байланыс орнатқан. Өзіміз білетіндей, Моңғолияда жасалған  сапалы түйежүн көрпе,  шұлық және басқа киім-кешек сұранысқа ие.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша жүн қабылдау пункттерін ашу қолға алынды.  Қойдың жуылмаған жүнінің әр келісі үшін 50 теңге, түйе жүні одан қымбатырақ – 700 теңгеден қабылданады.

"Мен ветеринарлық инспекциядан рұқсат алдым, қазір шикізат қабылдауды бастап кеттім. Жүн моңғолиялық кәсіпорындарға өңдеуге жөнелтіледі.  Келісімге сәйкес жылына 200 тонна түйе жүнін және 500 тонна қой жүнін жөнелтеміз",– дейді ақтөбелік кәсіпкер Қайрат Құттымұратов.

Жүн сығымдалып, фабрикаға жуылмаған күйінде жіберіледі. Кәсіпкердің айтуынша, алдағы уақытта Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында жүн қабылдайтын пункттер ашпақшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу