Ақтөбе облысы мен ЕАЭО арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 17%-ға өсті

763

Өңірдің экспорттық-импорттық жеткізілімдерінің жалпы көлемі 1,3 млрд доллардан асты. 

Ақтөбе облысы мен ЕАЭО арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 17%-ға өсті Фото: inbusiness.kz

Ақтөбе облысы мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 1,33 млрд долларды құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 191 миллион долларға немесе 16,1%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының ресми ақпаратына сілтеме жасай отырып.

Экспорт бір жылда 38,1%-ға өсті, ал импорт бар болғаны 5,9%-ға өсті. Ақшалай мәнде айтсақ, экспорт 361,7-ден 502,73 миллион долларға дейін, ал импорт 779,2-ден 829,16 миллион долларға дейін өсті.

Ақтөбе өңірінің ЕАЭО елдерімен тауар айналымындағы ең үлкен орынды Ресей алады, оның үлес салмағы 96,3%-ды немесе 1,28 млрд доллар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,2%-ға көп. Солтүстік көршісімен экспорт/импорт арақатынас көрсеткіші 97,6%/95,5% құрайды, өткен жылы 97,7%/96,9% болған. 2022 жылы экспорт көлемі 490,44 млн долларды құрады. Импорт - 791,56 миллион доллар.

Беларусь Республикасы үлесінде 33,46 миллион доллар. Жалпы тауар айналымның 2,5%-ын алады. Ол бір жылда 23,1%-ға өсті. Экспорт 97,7%-ға артып, 9,18 миллион долларға дейін өсті, импорт үлесі 7,7%-ға өсіп, 24,28 миллион долларға жетті.    

Ақтөбе облысының Қырғызстан Республикасымен тауар айналымы 16,38 млн долларды құрады. Экспорт 23,2%-ға не ақшалай мәнде 3,11 миллион долларға дейін төмендеді, ал импорт керісінше 5,6 есе, яғни 13,27 миллион долларға дейін өсті.

Армения Республикасымен небәрі 53,2 мың долларға сауда жасалған және оның барлығы импорт.

Өткен жылдармен салыстырғанда Ақтөбе облысынан ЕАЭО елдеріне 2022 жылы бір килограмм ет пен қосалқы өнімдер экспортталған жоқ. Ресей Федерациясында өткен жылы жалпы сомасы 178,6 мың долларға 296,9 тонна бидай ұны сатылды. Ресей мен Беларуське барлығы 253,1 мың долларға "жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын майлар және оларды ыдырататын өнімдер, дайын тағамдық майлар, жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын балауыздар" санатындағы 237,7 тонна өнім жеткізілді. Қырғызстан мен Ресей Федерациясына дәнді дақылдардан, ұннан, крахмалдан немесе сүттен, ұннан жасалған кондитерлік өнімдерден жалпы сомасы 373,5 мың долларға 202,3 тонна дайын өнім экспортталды. Осымен азық-түлік секторының тізімі аяқталады.

ЕАЭО елдеріне экспорттың негізгі үлесі: хромды кендер мен концентраттар (428 мың тонна/145,48 млн доллар/Ресей), мырыш кендері мен концентраттары (77,73 мың тонна/69,52 млн доллар/Ресей), күйдірілген пиритті қоса алғанда темір кендері мен концентраттары (347,04 мың тонна/18,76 млн доллар/Ресей, Қырғызстан).

Сондай-ақ, ЕАЭО елдеріне (Армениядан басқа) газойлдар мен дизель отыны, ферроқорытпалар, құрылыс блоктары, кірпіштер, керамикалық плиткалар, хром оксидтері мен гидроксидтері жеткізілді.

Импортқа келетін болсақ, өңірге бір жыл ішінде 24,45 млн долларға (Ресей мен Беларусь) 114,62 мың тонна бидай, 24,48 млн долларға 420,26 мың тонна цемент әкелінді. 45,4 млн долларға бейорганикалық химия өнімдері импортталды-139,85 мың тонна. Ресей мен Беларусьтен ет өнімдері Ақтөбе облысына 8,73 млн долларға 4,45 мың тонна әкелінді. Сондай-ақ, өңірге минералды және химиялық тыңайтқыштар, бояулар, лактар мен ерітінділер, сантехника, темірден жасалған жалпақ илек сынды бағасына әжептәуір қосылған құны жоғары басқа да өнімдер жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу